Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қалай шығып кеткені белгілі болды

Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қалай шығып кеткені белгілі болды Видео кадры

Әлеуметтік желіде балабақшадан жеңіл киініп шығып кеткен балалардың видеосы тарады. Нұр-Сұлтандағы "Умнички" мектепке дейінгі мекемесінің директоры болған жайтқа байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде балабақшадан жеңіл киініп шығып кеткен балалардың видеосы тарады. Нұр-Сұлтандағы "Умнички" мектепке дейінгі мекемесінің директоры болған жайтқа байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода екі кішкентай бала балабақшадан жеңіл киініп шығып кеткені көрсетілген. Балаларды ер адамдар байқап, оларды балабақшаға кіргізіп, тәрбиешілерге табыстаған. 

Балабақша астанадағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан. Сол күні ғимаратта жарық болмаған. 

"Ғимаратта жарық сөніп, барлық жүйе істен шықты. Артынша, домофон мен өрт сөндіру жүйесі де істен шықты. Апаттық қызметті шақырдық. 4 қазанда ата-аналардың бірі баласын қызметтік есік жақтан шығып алып кеткендіктен есік ашық қалған. Сол кезде балалар шығып кеткен. Көшеде бірнеше минут жүрген. Олардың жағдайы жақсы, ешкім зардап шеккен жоқ", - деді мекеме директоры. 

Директор болған жайт туралы ата-аналар хабардар екенін және олар түсіністік танытқанын айтты. 

"3-5 жылда бірінші рет болып тұрған жағдай. Балабақшадағы есіктің бәрінде домофон бар, оның артында пластик есік бар, олар да жабылады. Барлық жерде бақылау камерасы бар. Бөтен адам балабақшаға кірген емес. Өз кінәмізді толық мойындаймыз, кінәлілер жазасын алды, ата-аналардан кешірім сұрадық", - дейді директор. 

Нұр-Сұлтанның Білім басқармасы өкілдері жекеменшік балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырусыз коммерциялық негізде жұмыс істейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети