Нұр-Сұлтанда дүкендегі қалта ұрысының әрекеті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда дүкендегі қалта ұрысының әрекеті видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда бірнеше рет сотты болған ер адам дүкенде қыздың iPhone телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда бірнеше рет сотты болған ер адам дүкенде қыздың iPhone телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам құны 386 мың теңге болатын ұялы телефонды дүкенге келушінің қалтасынан байқатпай алып шыққан. Артынша оқиға орнынан жасырынған. Дегенмен ол видеобақылау камерасына түсіп қалған.

Полиция күдіктіні ұстады. 37 жастағы ер адамның осыған дейін ұрлық үшін 7 рет сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ, оның 17 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

"Ол таяуда бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шықты. Дегенмен, оған қарамастан, ер адам тағы да ұрлыққа барған. Осы жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети