Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа автобуспен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа автобуспен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 26 қарашада сағат 10.50-де Байсейітова көшесінің бойында Шақпақ аялдамасы маңында болған.

"№20 бағыттағы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, нәтижесінде №39 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкері №20 автобус жүргізушісіне хаттама толтырды, іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін анықтау бөліміне жіберіледі. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін тіркеу журналында көрсетілмеген, жолаушылар көлігін жүргізу бойынша 5 жылдық тәжірибесі бар. Рейс алдындағы медициналық тексеруден өту уақыты - 6.00, желіге шығуға рұқсаты бар", - деді CTS өкілі.

Компания мәліметінше, 1961 және 1954 жылы туған екі жолаушы әйел дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Жүргізушілерді автопарк басшылығы жұмыстан шеттетіп, іс тәртіптік кеңеске жіберілетіні айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети