Нұр-Сұлтанда екі бала өзенге батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда екі бала өзенге батып кетті Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда екі бала өзенге батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда екі бала өзенге батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 мамырда сағат 12.50-де 112 пультіне Есіл өзенінде Бейсеков көшесіндегі көпір маңында екі бала суға батып кеткені туралы хабарлама түсті.

"Сүңгуір отряды өзен түбінен кәмелетке толмаған бір ұл баланың мәйітін тапты, содан кейін бірнеше минуттан соң екінші бала табылды. Полиция департаменті балалардың кім екенін анықтап жатыр", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.

Олар бұған дейін осы өзеннің аумағында ақпараттық стенд, сондай-ақ осы учаскеде шомылуға тыйым салынғаны туралы белгілер орнатылғанын айтты.

"Құрметті ата-аналар, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді! Әсіресе жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін балаларға айтыңыз. Бүгінгі таңда елордада шомылуға арналған үш ресми учаске бар: орталық саябақ, "Три пескаря" демалыс аймағы және "Астаналық аула", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети