Нұр-Сұлтанда екі күнге созылған өрттің себебі аталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда екі күнге созылған өрттің себебі аталды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Екі тәулікке созылған Нұр-Сұлтандағы Талдыкөл ауданындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі тәулікке созылған Нұр-Сұлтандағы Талдыкөл ауданындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше сағат 18:53-те өрт ауыздықталып, бүгін сағат 05:55-те толығымен жойылды. Өрт шығуының алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану болуы мүмкін (аз калориялы от көзі). Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 20 маусымда сағат 15-03-те "101" пультіне Есіл ауданының Қорғалжын тас жолының бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама түскен. Қамыс пен қураған шөп жанды. Елордалық өртсөндірушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысты. Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет су шашылды (81 тонна).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети