07 тамыз 2019 | 10:47

Нұр-Сұлтанда ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алина Канасо есімді қолданушы Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жазған.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алина Канасо есімді қолданушы Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жазған.

Оқиғаның Күйші Дина көшесі, №37 үйдің ауласында болғаны айтылады.

"Үйдің алдында төрт жасөспірім отырған, олар ешкімге тиіспеген де, сөйлемеген де. Құрбымның айтуынша, олар бұл аулаға жиі келіп тұрады. Қатты шуламайды, ішпейді, арттарынан қоқыстарын қалдырып кетпейді. Сол күні олар (балаларды ұрып-соққан ) ер адамның бақшасын қиратқан отбасы тұратын үйдің маңында отырған еді.

Ер адам сол үйдің баласы деп, біреуін ұрып-соққан болар. Шынымды айтсам, видеоны қарауға қорқамын. Бір сәтте баланың омыртқасы сына ма деп ойладым, - деп жазған Алина Канасо. Айтуынша, ер адам мен жасөспірімдер арасында ешқандай әңгіме, дау болмаған.

Елордалық полиция департаментінің өкілдері бұл жағдайға қатысты тексерістің басталғанын хабарлады. 

"Видеодағы адамдардың бірінің аты-жөні белгілі болды, қалғандары анықталып жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша төбелеске қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети