05 мамыр 2022 | 09:06

Нұр-Сұлтанда ерекше жол апаты видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда куәгерлер ерекше жол апатын видеоға түсіріп алған. Кадрда бір көліктің екіншісінің астына қалай өткені көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда куәгерлер ерекше жол апатын видеоға түсіріп алған. Кадрда бір көліктің екіншісінің астына қалай өткені көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланған.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 4 мамырда сағат 21.35 шамасында Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы Әбіш Кекілбайұлы көшесінде болған.

Реклама
Реклама

"Toyota 55 автокөлігінің жүргізушісі алда келе жатқан көлікке дейінгі аралықты сақтамай, Toyota 45-пен соқтығысқан", - деді полицейлер.

Ведомство өкілі жол апатынан ешкім зардап шекпегенін атап өтті.

"Toyota 55 жүргізушісіне ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді", - деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram