20 қазан 2021 13:10

Нұр-Сұлтанда ерекше сурет түсірмек болғандар көпір аркасына шыққан

Дина Шарипханова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда жастар суретке түсу үшін көпір аркасына шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жастар суретке түсу үшін көпір аркасына шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, оқиға 19 қазанда болған. 18-19 жас аралығындағы үш адам Қабанбай батыр даңғылы бойындағы көпір аркасына шыққан.

Оқиға орнында патруль қызметкерлері жасөспірімдерді ұстап, полицияға жеткізген.

Реклама
Реклама

"Құқықбұзушылардың айтуынша, олар Нұр-Сұлтан көрінісін суретке түсіру үшін осындай әрекетке барған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полиция департаменті өкілдері.

Құқық қорғау органдары астаналықтарға мұндай фотосессия қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін және ол үшін өмірді қатерге тігуге болмайтынын ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram