Нұр-Сұлтанда ерекше видео түсірмек болған тиктокерлер көпір аркасына шыққан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда TikTok-қа ерекше видео түсірмек болған жастар көпір аркасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда TikTok-қа ерекше видео түсірмек болған жастар көпір аркасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға куәгері 26 шілдеде таңертеңгі сағат 4.30-да полицияға хабар түсірген. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Қабанбай батыр даңғылындағы көпір аркасына шыққан. Оқиға орнына құқық қорғау органдары барды.

"Факт расталды. Тәртіп сақшылары елорданың 19 және 21 жастағы үш тұрғынын ұстады. Тәртіпбұзушылардың айтуынша, олар Нұр-Сұлтан қаласының панорамасын түсіріп, TikTok-қа жарияламақ болған", - деді елордалық полиция департаментіндегілер.

Учаскелік инспекторлар ұсталғандармен профилактикалық әңгіме өткізді.

Видео: Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінен

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети