Полиция қызметкерлері "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының аумағын қоршап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының аумағын қоршап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қарашада сағат 09.42-де 101 пультіне "Хан Шатыр" СОО-ның астыңғы қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Техникалық бөлмеде электр кабельдері өртенді. Өрт 10.36-да 5 қума метр алаңда сөндірілді. Қызметкерлерді әкімшілік өртсөндірушілер келгенге дейін эвакуациялады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға астаналық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 техника жұмылды. Полиция қызметкерлері сауда ойын-сауық кешенінің аумағын қоршап алды.