Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды

Нұр-Сұлтанда көлік жол белгісіне соқтығысып, аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Нұр-Сұлтанда көлік жол белгісіне соқтығысып, аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 28 қаңтарда сағат 05.22-де Honda автокөлігінің жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен Бұланты көшесіне қарай кетіп бара жатып, жол белгісіне соғылып, аударылып кеткен.

"Ер адам көлікті орташа мас күйінде жүргізген. Дене жарақатын алған жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін босатылды", - деді полиция өкілі.

Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Көлік автотұраққа қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети