Нұр-Сұлтанда жанып жатқан пәтерден жасөспірімді құтқарған сәттің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған

Нұр-Сұлтанда жанып жатқан пәтерден жасөспірімді құтқарған сәттің видеосы Желіде жарияланды. Видеода ер адам төртінші қабаттағы терезеге шығып, жоғары жағында тұрған терезеден жасөспірімді қалай ұстауға тырысқаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли YouTube-арнасында құтқару сәтінің видеосын жариялады.

Видео кадрларынан құтқару операциясына бей-жай қарамаған адамдар көмекке ұмтылғаны көрінеді. Ер адам өмірін қатерге тігіп, төртінші қабаттың терезесінен жасөспірімге жетуге тырысқан. Басқалары оқыс жағдайдың алдын алыу үшін терезе астына матаны керіп ұстап тұрған. Бірақ ер адам жасөспірімді ұстап, оны өзі тұрған терезеден түсіріп алған.

Кейін құтқарушы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаев екені белгілі болған. Ерлігі мен батылдығы үшін ТЖ министрі Юрий Ильин "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыс етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети