Нұр-Сұлтанда жоғалған 19 жастағы қыз өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жоғалған 19 жастағы қыз өлі табылды Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ баспасөз қызметінен

Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бойжеткен 19 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында үйінен шығып, оралмаған. Жоғалған қыздың анасы полицияға арыз түсірген.

"Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің жеке құрамы, қосымша күштер, Ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер мен жұртшылық жоғалған адамды іздеуге жұмылды.

Қызды соңғы рет Бараев көшесі жағынан көпірде тұрғанын көрген. Іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер тобын тарту ұйғарылды", - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

22 қыркүйекте сағат 11.20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапқан.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп толықтырды полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети