Елордада ауа райына байланысты жол апатының саны күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордада ауа райына байланысты жол апатының саны күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік полиция басқармасы қалада бір тәулікте тіркелген жол апаты деректеріне талдау жүргізді. 70 жол апаты тіркелді, өсім 30 пайыз болды.
Ауа райына байланысты қалалық полиция департаменті жүргізушілерді жолда абай болуға, жылдамдықты және арақашықтықты сақтауға, жол ережесі талабын мүлтіксіз орындауға шақырады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жаңбырлы күні жолға шығу қауіпті екенін ескертеді.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, қар) жаяу жүргіншілерді келе жатқан көлікті көрмеуі мүмкін. Олардың әрекетін болжау мүмкін емес. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілер жаяу жүргіншілер жолына жақындаған кезде сақ болып, көліктің жылдамдығын төмендету керегін ескертеді", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!