Нұр-Сұлтанда 28 жастағы ер адам құрылыс алаңында 18 метр биіктіктен құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда 28 жастағы ер адам құрылыс алаңында 18 метр биіктіктен құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марқұмның әйелі бұл іс жабылуы мүмкін деп қорқып отыр.
Мақсат Төлжанов Орлыкөл көшесіндегі цехтың шатырын жөндеп жатқан кезде 6-қабаттан құлап кеткен.
"Ол жұмысқа ресми түрде орналаспаған еді. Онда олар шатырды жауып жатқан болатын. Оны бұл жұмысқа досының ағасы шақырды, жұмыс көлемі бойынша өздері келіскен еді. 17 тамызда күйеуім ұлымызды балабақшаға, ал мені жұмысқа апарып тастады. Ал өзі құрылысқа кетті.
Кейінірек маған шамамен сағат 10.30-да оны құлап кеткенін хабарлады. Тергеушілер маған бір жұмысшының төменде кранның жанында тұрғанын, ал күйеуімнің кабельді ұстап, жүкті шатырға көтеріп жатқан кезде кабель үзіліп, Мақсаттың 18 метр биіктіктен құлағанын айтты, бұл шамамен 6-қабат. Маған оның оқиға орнында қаза болғанын айтты", - дейді марқұмның әйелі Динара Жақаева.
18 қыркүйекте ол полицияға арыз жазған. Әйелдің айтуынша, нысанда жұмыс істеген барлық жұмысқа ресми түрде орналаспаған.
"Полициядағылар маған оқиға құрылыс алаңында болғанын айтты, сондықтан оны әкімдіктегі арнайы комиссия қарайтын болады деді. Осыдан кейін ғана іс біздің тергеушіге тапсырылады. Әкімдік қызметкері маған арнайы тексеруге бұйрық жоқ екенін айтты, себебі Мақсаттың әріптестері қандай да бір құжаттарды тапсырып, болған жағдай туралы айтып беруі тиіс екен. Оларды шақырды, бірақ олар келмеді. Біреуі ауырып қалды, біреу келе алмады.
Мен заңды толық білмеймін, сондықтан адвокат жалдадым. Мен бәрін заң бойынша жасағым келеді. Мақсат енді оралмайды. Біздің кішкентай ұлымыз бар. Күйеуім 28 жаста еді. Кінәлілер жазаланғанын қалаймын", - деді ол
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Өкінішке қарай, жұмысшы қаза тапты. Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бақылауда", - деді полициядағылар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!