Нұр-Сұлтанда жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жол апатына ұшырады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жол апатына ұшырады Видео кадры

Нұр-Сұлтандағы Мәңгілік ел даңғылында жол апаты видеоға түсіп қалды. Жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы Мәңгілік ел даңғылында жол апаты видеоға түсіп қалды. Жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 20 ақпанда таңғы сағат 4.00-де Мәңгілік ел даңғылымен келе жатқан Daewoo Nexia көлігін тізгіндеген 23 жастағы жүргізуші Сығанақ көшесі жағынан Алматы көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін жүргізуші үйіне шығарылды, жолаушы қалалық ауруханаға жатқызылды. Факт бойынша тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети