Нұр-Сұлтанда келіншек баласымен бірге 12-қабаттан секірмек болған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұр-Сұлтан тұрғыны бір жарым жасар баласымен көпқабатты үйдің 12-қабатынан секірмек болды. Оларды жақын маңда өтіп бара жатқан полицей құтқарды. Қала тұрғындары осы сәтті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан тұрғыны бір жарым жасар баласымен көпқабатты үйдің 12-қабатынан секірмек болды. Оларды жақын маңда өтіп бара жатқан полицей құтқарды. Қала тұрғындары осы сәтті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 қазанда сағат 17.30-да Кубрин көшесінде полиция капитаны Қайрат Нариманов көпқабатты үйдің балконында 12-қабаттан аяғын шығарып отырған қолында баласы бар әйелді байқайды. Ол биіктен секіргісі келген. Полиция қызметкері бірден үйге жүгіріп, көтерілді. Әйелдің оны байқамағанына көз жеткізіп, ұстап алды", - делінген хабарламада.

21 жастағы келіншек отбасыдағы жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны анықталды. 

"Бұл кезекшіліктен кейінгі демалыс күні еді. Балаларды балабақшадан алып, қайтып бара жатқанда, аулада абыржыған адамдар мен балконда отырған әйелді көрдім. Ойланбастан подъезге қарай беттедім, менімен лифтке куәгерлердің бірі жүгіріп келді. Абырой болғанда бәрі ойдағыдай шықты, мен әйелді ұстап алып, ішке сүйреп апардым", - деді полиция қызметкері.

Келіншекті осындай халге жеткізген жұбайына қатысты полиция қорғаныс бұйрығын шығарды, отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйелмен профилактикалық әңгіме өткізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro