Нұр-Сұлтанда жігіттердің бұзықылық жасағаны видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда жігіттердің бұзықылық жасағаны видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шамамен таңғы сағат 5-те Нұр-Сұлтан полициясының Шұғыл басқару орталығының бейнебақылау камерасына жігіттердің бұзақылық жасағаны түсіп қалды. Видеода үш жігіт Молдағұлова көшесіндегі жаяужолда тұрған қоқыс жәшігін тепті. Сондай-ақ олардың бірі сол жерге дәрет сындырған", - деді құқыққорғаушылар.
Ол жерге полиция қызметкерлері келген. Жігіттер Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. 23-24 жастағы жігіттердің мас болғаны және үйіне бара жатқаны анықталды.
Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ екі жігіт 434-бап бойынша (Кішігірім бұзақылық) жазаға тартылды. Материалдар ауданаралық мамандандырылған сотқа шешім шығару үшін жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!