Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 8 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 8 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қайтыс болғандар - 1947, 1955, 1960 және 1955 жылдары туған ер азаматтар және 1947, 1960, 1950 және 1960 жылдары дүниеге келген әйел адамдар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 166 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 61
Алматы қаласы – 26
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 13
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Солтүстік Қазақстан облысы – 2
Түркістан облысы – 8
Еске салайық, бүгін түскі уақытта да 8 адамның елордада коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Елімізде 20 319 адам COVID-19 жұқтырған. 14 548 адамның ауру белгілері жоқ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!