Нұр-Сұлтанда қураған ағаш жанып, салдарынан Сарыарқа ауданындағы жекеменшік үйден өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда қураған ағаш жанып, салдарынан Сарыарқа ауданындағы жекеменшік үйден өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қураған ағаш 2 мамырда өртенген. Өрт кейін жақын маңдағы жекеменшік үйге дейін жеткен. Өрттің жалпы аумағы 300 шаршы метр болды.
"Қазіргі уақытта өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілер мен үш техника жұмыс істеп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство қызметкерлері шөп өртенуін бақылау мүмкін емес екенін еске салды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сөнбеген оттарды, сіріңкелерді, темекі тұқылдарын демалыс орындарында қалдырмау керегін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!