Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады: бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады: бір адам қаза тапты Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап. 

Салдарынан бір қызметкер қаза тапты. 

"Тұран даңғылы, 89/А мекенжайындағы кранның құлауы бойынша ҚР ТЖ министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша мұнара кранының құлауының себептері мен жағдайлары анықталады. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар Нұр-Сұлтан полиция департаментіне жолданатын болады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Нұркеновтің тапсырмасы бойынша ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мұнара крандарын тексеру жөніндегі мамандарының комиссиясы құрылады.

Сонымен қатар, елордалық полицияның баспасөз қызметі бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы "құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қажет сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети