Нұр-Сұлтанда полиция Израиль елшілігін қоршауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда полиция Израиль елшілігін қоршауға алды Фото: куәгер

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері Тель-Авивтен жеткізілген күмәнді затқа байланысты Израиль елшілігін қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері Тель-Авивтен жеткізілген күмәнді затқа байланысты Израиль елшілігін қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 2 қыркүйекте 102 нөміріне Израиль елшілігінен пошта бойынша күмәнді екі қап жеткізілгені туралы хабар түсті. Заттар Тель-Авив қаласынан Алматы арқылы жеткізілгені белгілі болды. Оның салмағы 7 келіден асады", - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары "Азия" бизнес орталығын қоршауға алған. Мұнда Израиль елшілігі орналасқан.

"Оқиға орнына полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, кинологтар мен шұғыл қызмет көрсететін мамандар келді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері қаптардан қауіпті заттарды тапқан жоқ. Онда жеке заттар болған", - делінген хабарлама.

Фотоны редакцияға куәгерлер жіберді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети