Нұр-Сұлтанда полицияның Toyota Camry көлігін қуған сәті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғындары полицияның Toyota Camry көлігін қуған сәтке куә болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғындары полицияның Toyota Camry көлігін қуған сәтке куә болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Тәртіп сақшыларынан қашпақ болған Toyota жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған. Желі қолданушыларының пікірлеріне қарағанда, видео танымал GTA ойынына ұқсайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Нұр-Сұлтан полициясы мәліметінше, сағат 12.35-те дүкен иесінен екі ер адам тауар ақысын төлемегені туралы хабарлама түскен. Бірнеше минуттан кейін тағы бір дүкеннен осындай хабарлама түседі. Ер адамдар сыра сатып алып, ақшасын төлемей көлікке отырып кетіп қалған.

"Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына көлік Қорғалжын тасжолы бойында кетіп бара жатқанда түсіп қалған. Toyota Camry жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған. Көлік көп жүретін көшемен келе жатып, жүргізуші бірнеше рет қарсы жолаққа шығып, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, апаттық жағдай туғызып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді", - деді қаланың ПД өкілдері.

Патрульдік полицияның арнайы батальоны қызметкерлері "Шұбары" шағынауданында Toyota Camry көлігінің 30 жастағы жүргізушісін ұстады. Көлікте 33 жастағы жолаушы да болған.

"Сараптамаға сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде масаң күйде көлік жүргізген. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", - деп қорытындылады ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети