27 наурыз 2020 | 17:42

Нұр-Сұлтанда сауда үйінде әйел адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы сауда үйінде қайтыс болған әйелдің видеосы тарап жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы сауда үйінде қайтыс болған әйелдің видеосы тарап жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"27 наурызда сағат 12.27-де "Әлем" сауда орталығының 1-қабатында 70 жастағы әйелдің денесі табылды. Денесінде ешқандай жарақат жоқ. Әйелдің қасында бас айналуына қарсы, бүйректің созылмалы ауруын, жоғары қан қысымы және бас ауруын емдеуге арналған дәрілер табылды. Бұдан бөлек, әйел қант диабеті және артериалды қан қысымына байланысты диспансер есебінде тұрған, - деп хабарлады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети