23 сәуір 2020 14:05

Нұр-Сұлтанда суицид жасамақ болған қыздың құтқарылғаны видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Елордалық полицейлер 6-қабаттан секірмек болған 24 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Елордалық полицейлер 6-қабаттан секірмек болған 24 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

23 сәуірде орталық көшелердің бірінде тұрғындардың бірінің 6-қабаттан секірмек болып жатқаны туралы хабарлама келген.

"Полицейлер мен инспекторлар оқиға орнына үш минутта барып, қыздың балконда тұрғанын көрген. Сол сәтте полицейлер онымен сөйлесіп, оның секіруінің алдын алу үшін шаралар жасады. Фархад Түкенов есімді полицейді далада тұрып, қызды секірмеуге көндіріп жатса, екінші полицей 6-қабатқа көтеріліп, есікті бұзып ашып кірген.

"Қыздың секіруге нақты шешім қабылдағаны түсінікті болды. Білдіртпей балкон жаққа өтіп, оның белдігінен, артынша аяғынан ұстапқалдым. Мен полицей ретінде шешім қабылдап, адам өмірін аман алып қалуым керек", - дейді полиция қызметкері Берік Ақкөзов.

Полицейлердің мәліметінше, суицид жасамақ болған қыз полиция басқармасына жеткізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети