Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көліктерді қиратқан ер адам ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлан қаласының тұрғыны тұрақта тұрған көліктерді бүлдіргені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлан қаласының тұрғыны тұрақта тұрған көліктерді бүлдіргені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктерді тепкілеп жатқан ер адам туралы хабарлама тәртіп сақшыларына 18 қарашада сағат 00.58-де түскен. Оқиға Vivat Promenade тұрғын үй кешенінің маңында болған. Үй тұрғындары бұзақыны ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған.

"Ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол алты көлікке зақым келтірген, оның иелері полицияға жүгінді. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Ер адамнан сараптама алынып, ол жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталған. Ер адам полицейлерге өз әрекетін түсіндіре алмаған.

"Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті басшылығы қоғамдық тәртіпбұзушыны ұстауға көмектескен тұрғындарға алғыс білдіреді", - деді Нұр-Сұлтан ПД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети