Нұр-Сұлтанда ұлы жасөспірімді қағып кеткен шенеунік оқиғаға қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ұлы жасөспірімді қағып кеткен шенеунік оқиғаға қатысты пікірін айтты Фото: facebook.com/sara.bersan.1

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дамир Нұрғалиев Toyota көлігіндегі ұлы Нұр-Сұлтандағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі редакцияның электрон поштасына келген шенеуніктің хатына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дамир Нұрғалиев Toyota көлігіндегі ұлы Нұр-Сұлтандағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі редакцияның электрон поштасына келген шенеуніктің хатына сілтеме жасап.

"Мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы лауазымын атқарамын және "жоғары лауазымды шенеунік" саналмаймын. Бұл жағдайды жол-көлік оқиғасы ретінде анықтау, оның біліктілігі және барлық жағдайы тиісті шешім қабылдайтын құқық қорғау органдарының құзыретіне кіреді", - делінген Нұрғалиевтің хатында.

Оның айтуынша, қазір қандай да бір қорытынды жасауға ерте.

"Бұл ретте, менің тарапымнан құқық қорғау органдарының әрекетіне қандай да бір араласу болмайды және ол заң бойынша қудаланады. Мен өз тарапымнан жазбада көрсетілген жағдай туралы ұлыммен әңгіме жүргіздім. Екінші тараптан ешқандай шағым болмаса да, кешірім сұрадық. Бұл істің менің жұмысыма және Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті жұмысына ешқандай қатысы жоқ", - деді шенеунік.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те 21 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, қашып кеткенін көргені туралы жазба жариялағаны хабарланған болатын. Ол көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы болғанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети