Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысты: Қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысты: Қаза тапқандар бар видеодан үзінді

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылының бойында үш елордалық қоғамдық көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, бір жолаушы мен бір автобустың жүргізушісі қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылының бойында үш елордалық қоғамдық көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, бір жолаушы мен бір автобустың жүргізушісі қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Астана ЛРТ" мәліметінше, 26 наурызда Қабанбай даңғылымен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қаламаңынан жүретін № 303 автобус №12 бағытта жүретін қоғамдық көлікті соққан. 

Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі мен жолаушы қаза болды. Оқиға орнында дәрігерлер, полицейлер жұмыс істеп, задап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети