Нұр-Сұлтандағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тағы да жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тағы да жарылыс болды

Нұр-Сұлтандағы Нұрлы жол вокзалы маңында газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы Нұрлы жол вокзалы маңында газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қазанда сағат 22.14-те өрт сөндіру қызметтері Байтұрсынұлы 43/2 мекенжайы бойынша шақыртуға шыққанын хабарлады. Олар сағат 22.19-да оқиға орнына жеткенде жаңадан салынып жатқан үйдің территориясында асхана ретінде пайдаланылған, 150 шаршы метр болатын бөлек тұрған құрылыс (контейнер) жалын шарпып жатқанын анықтаған, маңында тұрған ағаш табандықтары жанып жатқаны белгілі болды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллоны жарылған. Елордалық өрт сөндіру күштері 4 газ баллонын өрт аумағынан алып шықты", - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт 22.36-де ауыздықталып, 22.50-де толық сөндірілген. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Өрт себебі анықталады. Оқиға орнына 4 дана техника мен жеке құрамның 23 қызметкері тартылған.

Еске салайық, 22 қарашада Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінде жарылыс болғаны хабарланған. Көпсалалы ауруханаға түрлі жарақатпен 23 адам жеткізілген. Екі адам қаза тапқан. Осыдан кейін газ қолданылатын елордалық қоғамдық тамақтану орталықтарын тексеру шаралары басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети