18 тамыз 2016 | 12:45

"Нұрлы Тау" ғимаратында үстіне терезе түсіп кеткен қыздың құрбысы оқиғаның жай-жапсарын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зардап шегуші қыздың жіберген суреті Зардап шегуші қыздың жіберген суреті

Алматыда "Нұрлы Тау" бизнес-орталығында жоғары қабаттан үстіне әйнек түсіп кетіп, зардап шеккен қыздардың бірі оқиғаның мән-жайын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Нұрлы Тау" бизнес-орталығында жоғары қабаттан үстіне әйнек түсіп кетіп, зардап шеккен қыздардың бірі оқиғаның мән-жайын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

"Бұл оқиға былай болды. Біреу төртінші қабаттағы кеңсенің терезесін ашпақ болып, жұлқып қалғанда әйнек төмен түсіп кеткен. Сол кезде ол дереу төменгі түсіп, бізге көмек көрсетті. Әрине ол кінәлі емес, ол тек терезені ашқысы келген. Біз отыратын кеңсенің де терезесі осындай, бізде осылай ашамыз", - дейді бойжеткен.

Оның айтуынша, терезе өздері отырған үстелдің жанындағы бағанаға түскен. "Әйнек шашылған кезде оның шишалары менің құрбыма тиген. Терезенің сынықтары оның мойнына, басына, арқасына кіріп кетті. Сынықтары бізге де шашырады. Сәл болғанда әйнек оны тіліп түсіп, мерт қылар еді. Себебі әйнек төбеден түскенде бүтін болатын және сүйір бұрышымен түскен".

"Бұл сәрсенбіде, 17 тамызда сағат 13.30-да болды. Осы үстелде төрт адам отырғанбыз. Мен жарақат алдым, әйнек сынықтары менің аяғыма, қолыма кіріп кетті, басымның бір бөлігін жанап өтті. Ақсаңдап, жүре алмай қалдым. Көздеріме ештеңе болған жоқ, себебі сол кезде көзілдірік тағып отырғанмын. Әріптес құрбым қатты зардап шекті, оның жарақаттары ауыр. Аса ауыр емес деп жазып жатыр, негізде оның халі ауыр, ол ауруханада жатыр. Миы шайқалған және қан тамырына зақым келген. Ол маған басының тігілген суреттерін жіберді. Дәрігерлер оны МРТ жасауға жіберген. Тегін емдеу тек квота арқылы жүргізіледі деген сылтаумен, оны тегін емдейтін ауруханаға жатқызбады. Басында жарасын тігіп беріп, үйіне жіберген", - деді зардап шегуші.

Алайда, оның айтуынша, үйде құрбысының жағдайы нашарлап, жүрегі айнып, құса бастаған, басы айналып, дене қызуы көтерілген. Осы кезде қызды жедел ақылы ауруханаға жеткізген.

"Негізінде мен осы бизнес-орталықта жарты жылдан бері жұмыс істеп келемін. Біз әрдайым осы кафенің жазғы терассасында түстенеміз. Оқиға болған кезде мекеме әкімшілігі ыдыс-аяқтарды дереу жинап алды. Негізінде олар осы терассада қызмет көрсетеді. Егер қауіпсіздік шарасына кереғар болса, бұл терасса неге ашық тұрады? Кафенің әкімшілігі шығып "Бұл жерде отырмауларың керек еді. Өздерің кінәлісіңдер. Неменеге әйнектің астында жүрсіңдер!" деп айғайлай бастады", - деді сұхбаттасушы.

Қыз ендігі кезекте кінәлілерді табу қиын болады деп алаңдайды. "Біз арыз жаздық, сосын учаскелік инспекторға хабарластық, ол бірден жауап бермеді. Сосын барып кінәлілерді таба алмай жатқанын айтты. "Базис-А" ғимаратының әкімшілігіне қоңырау шалып хабарласа алмапты. Әйнектерге басқа бір астаналық компания жауапты, заңгер жоқ, ешкім жоқ. Және олар хабарласпай жатыр. Әрине кафенің еш кінәсі жоқ, бірақ ол жерде жазғы демалыс орнын дәл осы жерге неге салады?", - дейді ол.

"Бизнес-орталықта мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Ғимараттың терезелері осыған дейін де түсіп кеткен жағдайлар болған. "Құрылысы әлі бітпеген жерлер бар - сол жерлерде әрдайым жаңбыр жауғанда не жел соққанда құлайды екен, бұл туралы әріптестерім айтып отыр", - дейді қыз.


Зардап шегуші қыздың жолдаған суреттері

Таяуда төтенше жағдай болған жерде "Odysseya" кафе-барының директоры оқиғаға мүлдем қатысы жоғын айтқан. "Біз жалға алушымыз. Төтенше жағдай болған жер - бұл барлығына ортақ аймақ. Үстелдер мен шатырлар барлық адам үшін қойылған, біз ол үшін ақша да, ештеңе де алмаймыз. Онда адамдар барып отырады. Біз өз қаражатымыздан адамдар күннің астында тұрмасы үшін салып қойғанбыз. Кафе ғимараттың бірінші қабатында, яғни ішінде орналасқан. Біз оған жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсеттік", - деп түсіндірді Алексей.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети