06 желтоқсан 2019 | 09:36

"Нұрлы Таудағы" ТЖ: куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер 5 желтоқсанда Алматыдағы "Нұрлы-Тау" бизнес орталығының 12-қабатынан ер адам құлап кетіп, мерт болғаны туралы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Astana TV.


Иконка комментария блок соц сети

Куәгерлер 5 желтоқсанда Алматыдағы "Нұрлы-Тау" бизнес орталығының 12-қабатынан ер адам құлап кетіп, мерт болғаны туралы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Astana TV.

Куәгерлердің айтуынша, бизнес-орталықтың балкондары қауіпті. Сонымен қатар, олардың айтуынша, биік ғимаратқа емін-еркін кіріп-шығуға болады екен. 

"Мен жұмысыма кірісіп кеттім. Осы кезде сырттан дыбыстар ести бастадым. Не болғанын білейін деп сыртқа шықтым. Ер адам шатырдан құлап, мерт болған екен", - дейді Темірлан Дүкенбек. 

Оқиға болған уақытта 24 жастағы жігіт жақын маңдағы кафеге жұмысқа келген. Оның айтуынша, орталықта осы кезде хаос орнаған. 

"Күзет жүйесі кінәлі. Мысалы мына жерде камералар жоқ. Адамдар емін-еркін кіріп-шығып жүре береді, өз мәліметтерін қалдырады да жоғарыға көтеріледі. Балкондарды жабу керек, ол жаққа шығу тіпті оңай. Бар болғаны терезеден шықсаң, сен балконда тұрасың", - дейді қала тұрғыны Әлішер Батырғалиев. 

"Нұрлы Тау" келушілері қайтыс болған ер адамның осыған дейін орынды таңдаған болуы мүмкін екенін айтады. 


© Али Аманов

Осыған дейін Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығының шатырынан құлап кеткені хабарланған. Алматы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері ер адамның жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтқан еді.  

Қазіргі уақытта оқиға орнында Бостандық аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Қаза тапқан адамның кім екені белгілі болды. Ол 1971 жылғы. Болжаммен, ол бизнес-орталықтың 12-қабатындағы кіреберістің терезесінен секіріп кеткен", - делінген ПД хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети