01 қараша 2021 | 18:13

НЗМ шетелдік мұғалімнің соттылығы туралы ақпаратқа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің баспасөз қызметі сотталған шетелдік мұғалім туралы ақпаратқа жауап берді. Әлеуметтік желіде шетелдік мұғалімдердің бірі бірнеше жыл бұрын сотталғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің баспасөз қызметі сотталған шетелдік мұғалім туралы ақпаратқа жауап берді. Әлеуметтік желіде шетелдік мұғалімдердің бірі бірнеше жыл бұрын сотталғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін "Не молчи.kz" қоғамдастығының құқық қорғаушылары әлеуметтік желілерде Алматы НЗМ-нің информатика пәні мұғалімі, Ұлыбритания азаматы Ли Эшфорд 2017 жылы денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін өз елінде сотталғанын мәлім етті. Ол 2018 жылы Талдықорған қаласындағы НЗМ-ге жұмысқа орналасқан, ал биыл қыркүйектен бастап Алматы қаласындағы мектепте сабақ береді. Белсенділер қолында прокурор хаты, соттылығы туралы анықтама және басқа да құжаттар бар екенін айтып, тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері туралы әйелдің оқиғасын да ұсынған.

Бұл ақпаратты 2018 жылдың ақпанында жарияланған WalesOnline БАҚ жаңалықтары растайды. Журналистер жергілікті колледж оқытушысы Ли Эшфорд әйелін ойыншық гитарамен ұрып-соққанын және 2017 жылдың сәуірінде қылмыс жасағанын мойындағаннан кейін бір жылға сабақ беруден шеттетілгенін жазған. Сот оны 12 айға қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарған.

Реклама
Реклама

НЗМ баспасөз қызметі Ли Эшвард Алматыдағы физика-математика зияткерлік мектебінде жұмыс істейді деген ақпаратты растады. Ол 2018 жылдың 30 қазанынан бастап Талдықорған НЗМ-де жұмыс істеген. НЗМ өкілдері мұғалім 2018 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша, соттылығы жоқ екені туралы құжатты ұсынғанын, соның негізінде жұмысқа қабылданғанын айтты. Шетелдік оқытушыны қабылдау канадалық TeachAway рекрутингтік компаниясы арқылы жүргізілген.

"Соттылығы жоқтығы ресми құжатпен расталды. Бізге жұмысқа орналасқанда барлық қажетті құжат ұсынылды. НЗМ жүйесінде үш жыл жұмыс істеген кезде мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен жеке басына шағымдар болған жоқ. Талдықорғанда робототехника жобасын дамытуға үлкен үлес қосты", - деді НЗМ өкілдері.
 

НЗМ Ли Эшвардқа қатысты қосымша тексеру мен ішкі тергеу жүргізетінін айтты.

Бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қайтыс болғаны хабарланған еді. Желіде қайғылы оқиға жасөспірім мектеп балына белдемше киіп келгеннен кейін болды деген қауесет пайда болды. Бұл ретте мектептегілер белдемше туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

НЗМ Алматыда қайтыс болған сегізінші сынып оқушысының ата-анасының білім мекемесінің басшылығына, куратор мен психологқа шағымы жоқ екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram