28 қазан 2021 13:12

Алматыда НЗМ оқушысы қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ pexels.com ©️ pexels.com

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаменті "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Бұл дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайы іс жүргізу барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген Алматы полициясының хабарламасында.

Басқа оқушылардың ата-аналары бұған мектеп балынан кейінгі оқиға себеп болғанын айтты. Мектеп түсінік беруден бас тартты.

"Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі 2021 жылы 28 қазанда сабақтан тыс уақытта оқушыға қатысты жазатайым оқиға болғанын растады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты жария ете, түсініктеме бере алмайды", - делінген Алматы қаласының ХББ НЗМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети