12 желтоқсан 2016 | 13:18

ОҚО-да "000" нөмірлі көліктің иесі жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Tengrinews.kz редакциясына ерекше нөмірлі автокөлік түсірілген видео келіп түсті.


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz редакциясына ерекше нөмірлі автокөлік түсірілген видео келіп түсті.

Куәгер үш нөлі мен үш "О" әріптері бар Infiniti көлігін видеоға түсіріп алған. Ролик авторының айтуынша, бұл көлік Шымкенттегі көшелердің бірінде жүрген.

Tengrinews.kz редакциясы осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілерге хабарласты. Комитет өкілдері бұл нөмірдің тіркелмегенін айтты. Олардың айтуынша, видеодағы көліктің нөмірі жалған немесе қолдан жасалған болуы мүмкін. Видео авторы бұл оқиғаның Шымкентте болғанын айтып өткендіктен, Оңтүстік Қазақстан облысында жедел іздестіру шараларын жүргізуге және ол көліктің иесін ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартуға нұсқау берілді. Іздестіру шаралары барлық жерде жүргізіледі - бағыттамалар да барлық өңірлік бөлімшеге таратылатын болады. Бірақ хаттама қылмыс жасалған жерде толтырылады", - деді комитеттің ресми өкілі Ирина Лукьянина.

Айта кетейік, қылмыстың бұл түрі үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Мұндай ережебұзушылық жасаған адам 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп немесе бір жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети