22 қыркүйек 2016 | 10:05

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан жолаушылардың бірінің басы жұлынып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда ғана 6 адамның өмірін жалмаған апат орнында тағы қайғылы жағдай болды. Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт асуы маңында болған бұл жолғы оқыс оқиғадан 2 адам өліп, 6 жолаушы жараланған. Соққының қатты болғаны сонша, жолаушылардың бірінің басын жұлып кетіпті, - деп хабарлайды КТК.


Иконка комментария блок соц сети

Таяуда ғана 6 адамның өмірін жалмаған апат орнында тағы қайғылы жағдай болды. Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт асуы маңында болған бұл жолғы оқыс оқиғадан 2 адам өліп, 6 жолаушы жараланған. Соққының қатты болғаны сонша, жолаушылардың бірінің басын жұлып кетіпті, - деп хабарлайды КТК.

Ірі жол апаты Шымкенттен 30 шақырым жерде түскі мезгілде болды. Volkswagen Jetta 8 орындық Kia көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. "Жібек Жолы" бекетінен шыққан минивэнде жүргізушіден өзге 6 өзбек азаматы болған екен. Қос мүрде мәйітханаға жіберілді. Бірінің басы жұлынып кеткен. "Шымкент - Ташкент" тасжолының тура осы тұсында екі күн бұрын шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан болатын. Ол кезде де 5 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бір тәуліктен соң 3 жасар қыз көз жұмған. Ауыр жарақат алған тағы 16 адам әлі ауруханада жатыр. Оның 6-уы балалар. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети