Шымкент - Самара тасжолында болған жол апатынан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай және облыстық мәслихат депутаты Қамытбек Айтөреев қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент - Самара тасжолында болған жол апатынан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай және облыстық мәслихат депутаты Қамытбек Айтөреев қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Сейіт Мырзақұлұлы Ертай 1971 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
Алматыда Абай атындағы мемлекеттік университетте білім алған, кейін Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмәмдаған. "Құрмет" ордені мен жеті мерейтойлық медальдің иегері.
Еңбек жолын 1993 жылы Мақтарал ауданында Жастар ісі бойынша комитетінің маманы болып бастаған.
Кейін Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы колледж директорының көмекшісі болған. Мақтаарал ауданының Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы болған. Қазыбек би ауылдық округінің әкімі болды.
2001 жылы ОҚО әкімі аппаратының бас инспекторы болып тағайындалды. 2005-2009 жылдар аралығы әкім аппаратының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы. 2016 жылдың 6 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған.
© "ВКонтакте"
Қамытбек Нұржанұлы Айтөреев 1969 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Облыс мәслихаты сайтының ақпараты бойынша, 1985 жылы Қазақ ауылшаруашылғы институтын бітірген. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" медалінің иегері.
Еңбек жолын 1978 жылы "XX-Партсъезд" совхозының №1 бөлімшесінде бастаған. 1994 жылы "Бекболат" шаруа қожалығының төрағасы болды. Әр жылдары бірқатар ЖШС-лардың директоры болды.
2006 жылы Шардара ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, 2006 жылы аудан әкімдігін басқарды. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болды, кейін мәслихат депутаты болып сайланды.
Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен ОҚО мәслихат депутаты Қамытбек Айтөреев жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Түркістан прокуроры Руслан Әбдірайымов Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.
Facebook желісіндегі Түркістан прокуроры Руслан Әбдірайымовтың парақшасынан скриншот.