Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

ОҚО-да полицейлер алты жасар Мұхаммед Қамшыбекті іздестіріп жатыр

21 Ақпан 2016, 12:07
1

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер алты жасар Мұхаммед Қамшыбекті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстағы Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.

"2016 жылдың 20 ақпанында, шамамен 12:30-да Мұхаммед Қазыбекұлы, ОҚО-дағы Ордабасы ауданы Амангелді ауылында орналасқан Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің бірінші сыныбының оқушысы сабақ аяқталғаннан кейін мектептен шығып, үйіне оралмаған", - деп хабарлады полициядағылар. 

Олардың мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары кезінде 20 ақпанда шамамен 12.36-те баланы азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткені анықталды. "Оның жасы шамамен 50-55-те, бойы 160 сантиметр, ақшыл шашты, толықтау, қара қайыс күрте киген, тоқылған қоңыр бас киімі бар", - деп сипаттады басқармадағылар.  

Мұхаммедтің белгілері мен киімі: жасы шамамен 6-7-де, ашық реңді, арық, ашық қоңыр күрте киген, қара шалбар және қара етік. Баланың көк түсті сөмкесі болған, сөмкеде "өрмекші адам" суреті бар.

Бірінші сынып оқушысының туыстары Мұхаммедті әлі де таппай отырғанын хабарлады. Олардың айтуынша, алып кетті делінген әйелді куәгерлер көріпті, олардың сөзінше фоторобот жасалған.

"Бала туралы қандай да бір мәліметі барлардан 102 (полиция), сонымен қатар 8-771- 698-24-18, 8-776-393-33-00 номерлеріне телефон шалуды өтінеміз", - делінген хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай