ОҚО-да зорланды делінген бала: Аружан Саин оның қазіргі жағдайы туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Аружан Саин. © 7Kun.kz Аружан Саин. © 7Kun.kz

Қоғам қайраткері Аружан Саин ОҚО-да зорланды делінген баланың қазір "Аналар үйінде" қалай тұрып жатқаны туралы Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қоғам қайраткері Аружан Саин ОҚО-да зорланды делінген баланың қазір "Аналар үйінде" қалай тұрып жатқаны туралы Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Барлығы бала үшін алаңдайды, біз де тергеудің нәтижесін күтіп отырмыз. Бірақ, өкінішке қарай, тергеу басынан бастап тиісті жағдайда, ізі суымай жүргізілмегендіктен, мұндай жағдайда сабыр сақтау керек", - деп жазды Саин. Айтуынша, осыған ұқсас, балаларды зорлау бойынша тергеу 9 ай жүргізілген.

"Алаңдаушылық танытқан азаматтарға айтарымыз, біз оларды ұмытқан жоқпыз және тиісінше көмектесіп, осы жағдайға тап болған отбасына қолдау көрсетіп жатырмыз", - деп жазды Аружан Саин.

"Анасы мен баласы күзетіледі. БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетіне рақмет, ұстаздар балаға келеді, бала ықыласпен білім алып жүр. Баланың әжесі мен тәтесі де мемлекеттік күзет бақылауында. Нұрәли мен Аида Әлиевтердің отбасына рақмет, анасы мен баласы солар қамқорлық көрсететін үйде тұрып жатыр. Аналар үйі жобасына қатысып, қиын жағдайда қалған аналардың сәбилерімен бірге болуына барлық қолдауды көрсетіп, шексіз көмектесіп жүрген бизнесмендердің барлығына рақмет", - деп жазды қоғам қайраткері.

Оның айтуынша, балаға және оның өкілдеріне қажетті көмекті көрсетіп, ұйымдастырып, шетелдік сарапшылардың ақысы мен жолдары және өзге де шығындары үшін қаржылық мәселелерді қазіргі таңда Әсел мен Еркін Татишев, Анар мен Айдын Рақымбаевтар, Аида мен Нұрәли Әлиевтердің отбасы шешіп отыр.

"Отбасына қолдау көрсетіп, бұл қылмыстық істің әділетті және ауқымды тергелуіне көмектесіп отырған барлық адамға үлкен рақмет. Сабырлық сақтауға, түрлі жалған ақпаратқа назар аудармауды сұраймыз", - деп жазды Аружан Саин.

Еске сала кетейік, наурыздың ортасында ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат Желіде тараған болатын. Баланы жабылып зорлағандар жоғары сыныптың оқушылары болуы мүмкін. Бұл оқиға қоғамның қызу талқысына түсті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro