14 қазан 2016 | 09:00

ОҚО-дағы мектеп оқушысын ұрып-соғу оқиғасы. Жаңа деректер

ОҚО-да өзбек тілімі мұғалімінен соққы көрген бала. © TVK кадры

ОҚО Білім басқармасының басшысының орынбасары Раушан Ерғашева Манкетте мұғалімі ұрып-соққан мектеп оқушысының ұстама ауруы бар деген өз мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ОҚО Білім басқармасының басшысының орынбасары Раушан Ерғашева Манкетте мұғалімі ұрып-соққан мектеп оқушысының ұстама ауруы бар деген өз мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлады.

Шенеуніктің айтуынша, тілшілер бастапқыда оның сөзін теріс түсінген. Баланың эпилепсия ауруымен ауыратындығы жайлы Ерғашеваға Рашидов атындағы № 64 мектептің директоры айтқан. Ал ведомстводағылардың өзі мектептегі даулы оқиғаны үш күн бұрын TVK телеарнасындағы репортаждан біліпті. Сайрам білім бөліміндегілердің сәуір айында болған бұл оқиғаны жоғары жаққа неге естіртпегені жайлы сұраққа шенеунік жауап бере алмаған. 

Реклама
Реклама


Раушан Ерғашева. © tvk-uko.kz

"Сәуір айынан бері бұл оқиғаны білмедім. Бізге, шындығын айтқанда, мұндай мәлімет түспеді. Білген уақытымда дереу телефон соқтым. Қайталап айтамын, бастапқыда мен тапсырма беріп, содан кейін ғана сұрастыра бастады. Мектеп директорының түсініктемесін оқыған соң осындай сұхбат бердім. Бірақ мен баланың ұстамасы бар деп айтпадым. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр", - деді ОҚО Білім басқармасының жетекшісінің орынбасары. 

Тергеу жүріп жатса да, оқушыны ұрып-соқты делінген мұғалім Саера Жұманазарова қазіргі уақытта жұмысын жалғастырып жатыр екен.  

Еске салайық, 10 жастағы Абидин Ырыстаевтың эпилепсиямен ауыратыны жайлы мәліметті таяуда TVK телеарнасының тілшілері анықтаған еді. Сөйтсек, бесінші сынып оқушысының өзі емес, оның қарындасы ауырады екен. Мұнымен қатар, оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып отыр. 

Мәселен, мектеп оқушысының әкесі мұғалімнің туыстарының 20 мың теңге ұсынғанын айтты. "Бірақ мен алмадым, ақшаның қажеті жоқ дедім. Осыдан кейін туыстары телефон шалып, арыз жазбауым үшін үркітіп, қорқыта бастады", - деп хабарлады Шерәлі Зундинов. 

Еске салайық, Манкент қаласында (Оңтүстік Қазақстан Облысы) бесінші сынып оқушысы Абидин Ырыстаев жансақтау бөліміне түсті, оның өзбек тілі пәнінде бассүйек миы зақымдалған. Төтенше жағдай № 64 мектепте сәуір айында болған, алайда тек қазір ғана белгілі болған. Баланың әкесінің айтуынша, оқиға өткеннен кейін жарты жылдан соң баланың көру қабілетін нашарлап барады. Бұл процессті тоқтату үшін қымбат ота жасау керек екен.

Әкесінің шағымынан кейін полиция ОҚО-да мұғалімнің баланы ұрып-соғу ісін қайта көтерді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная