Полиция ОҚО-да мұғалімнің баланы ұрып-соғу ісін қайта көтерді

11 Қазан 2016, 17:31
0
Полиция ОҚО-да мұғалімнің баланы ұрып-соғу ісін қайта көтерді - Мектеп оқушысы Абидин Иристаевтың көру мүмкіндігі төмендеп барады. © tvk-uko.kz
Мектеп оқушысы Абидин Иристаевтың көру мүмкіндігі төмендеп барады. © tvk-uko.kz

Манкентте мұғалімнің оқушыны ұруына байланысты сотқа дейінгі тергеу шарлары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкесінің арыз бергенінен кейін осы іс бойынша сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша іс қозғалған. Ал облыстық білім басқармасындағылар ОҚО-ның Сайрам аудандық прокуратурасының оқушының мұғалімнен соққы алғандығын растамағанын хабарлаған. 

"Баланың денсаулығына қатты зиян келген. Ол эпилепсиямен ауырады. Ол үйге келгенде оның ұстамасы басталып, құлап түскен. Оны дәрігерлер алып кеткен. Алайда оны жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызған, себебі ол тағы бір жұқпалы аурумен ауырған. Осы жағдайға байланысты №64 Рашидов мектебінде біз барлық қырынан тергеулер жүргізіп жатырмыз. Білім бөлімінің мамандары мектеп директорымен кездескен. Мұғалімнің жұмысы туралы тек жақсы пікірде", - деді телефон арқылы білім департаменті басшысының орынбасары Раушан Ерғашова.

Еске салайық, Манкент қаласында (Оңтүстік Қазақстан Облысы) бесінші сынып оқушысы Абидин Иристаев жансақтау бөліміне түсті, ол өзбек тілі пәнінде отырып, бассүйек миы зақымдалған. Төтенше жағдай № 64 мектепте сәуір айында болған, алайда тек қазір ғана белгілі болған. Ер адамның айтуынша, оқиғаның өткеннен кейін жарты жылдан соң баланың көру қабілетін нашарлап барады. Бұл процессті тоқтату үшін қымбат ота жасау керек екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай