ОҚО полициясы қызды аяусыз ұрып-соғу әрекеті бейнеленген видеоны зерттеп жатыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Бұл видеоны Facebook қолданушысы Айгүл Орынбек жүктеп, осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне және ОҚО Ішкі істер департаментіне хат жолдаған. "Ішкі Істер Министрлігі, ОҚО Ішкі Істер Департаменті мына видеоны тексеріп, халыққа жауап берсеңіздер. Бұл оқиға қайда болған?" деп сұрады әлеуметтік желі қолданушысы.

Ішкі Істер Министрлігі, Оқо Ішкі Істер Департаменті мына видеоны тексеріп, халық қа жауап берсеңіздер. Бұл оқиға қайда болған?
Posted by Айгүл Орынбек on 1 декабря 2015 г.
"Біз бұл видео жайлы таяуда ғана білдік. Қазіргі уақытта бұл видеоның қайдан түскенін, яғни дереккөзін анықтауымыз керек. Видеода төбелестің қоймаға ұқсас жерде болып жатқаны көрінеді. Қазіргі уақытта төбелестің қайда болғанын айту қиын. Бірақ қайткенде де қызметкерлеріміз осы іс бойынша жұмыс істейді. Бізге уақыт керек", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.