Семейде осымен оныншы күн 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Устинка Live.
Семейде осымен оныншы күн 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Устинка Live.
18 жастағы Зарина Григоренконың туыстары іздестіру жұмыстарына көмектесуді сұрап отыр. Қызды соңғы рет 19 мамырда көрген. Ол педагогикалық колледжге оқуына кетіп, сол күйі оралмаған.
"Ол ешкіммен ұрысқан жоқ, байсалды қыз. Оны алып қашып кетуі мүмкін деген ойлар да болды, бірақ ол әлі расталмады. Оны осыған дейін сәуір айында алып қашып кеткен болатын, бірақ біз оны қайтарып алдық. Үлкен дау шыққан еді", - дейді жоғалып кеткен қыздың әпкесі Алена.
Заринаның үстінде джинс күртешесі, сары жейде, джинс пен ақ түсті аяқкиім болған.
Жоғалып кеткен қыз жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралады: 8 747 349 57 17, 8 747 063 53 13, 8 747 212 15 84 немесе 102.