Желіде өлі тазылардың видеосы тарады. Оқиға нақты қай өңірде болғаны белгісіз. Алайда Экология министрлігі жануарларды аулау мәселесін тағы да көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде өлі тазылардың видеосы тарады. Оқиға нақты қай өңірде болғаны белгісіз. Алайда Экология министрлігі жануарларды аулау мәселесін тағы да көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Желіде 12 наурызда пайда болған. Ролик авторының сөзінше, өлі иттердің ішінде тазылар да бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қазақстанда жануарларды аулау жұмысы осылай жүреді. Иттердің арасында тазы да бар, мойнында шынжыр бар, біреудің иті", - дейді зооқорғаушылар.
Видео қазақстандықтардың ашуына тиді.
"Кімде-кім жануарларды жаппай ату себебін түсіндіре ала ма? Ол кімге және не үшін керек?", "Зоофашизм қашан бітеді?", "Тазы. Қазақстанның мақтанышы. Жабайылар", - дейді Желі қолданушылары.
Зооқорғаушылар оқиға қай өңірде болғанын анықтай алмаған.
Ал Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева соңғы айда министрлікке жануарларды аулау ісі бойынша 100-ге жуық хабар түскенін айтады.
"Күн сайын жануарларды ату ісі бойынша хабар көп түседі. Неліктен өңірлерге жануарларды аулаумен ветеринарлық қызмет айналысады? Неліктен жануарларды күндіз атады және олар бұл қатыгездікті дәріптеу деп ойламай ма? Оны балалар көруі мүмкін ғой. Көптеген адам мұның бәрі ақшаны игеру үшін қажетін жазады.
Құқық қорғау органдары мұның қаншалықты заңды екенін, оған қанша қаржы бөлінетінін тексеруі керек деп ойлаймын. Жергілікті әкімдіктер де бұған назар аударуы керек. Зооқорғаушыларды толығымен жақтаймын, жануарларға олай қарауға болмайды. Шара қолданылуы керек", - деді Самал Ибраева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!