Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатының толық мән-жайы анықталды

28 Маусым 2018, 16:12
0
Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатының толық мән-жайы анықталды -

Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатының мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1989 жылғы жүргізуші Мұхитова мотоциклмен соқтығысқан. Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты. (...) Жүргізуші Мұхитова оқиға орнында болған, оның қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілді. Тергеу шараларын жүргізгеннен кейін кінәлі жүргізушіге қатысты алкогольдік және наркологиялық заттардың қанында бар-жоғын анықтау үшін медициналық куәландыру шарасы жүргізілді. Оның нәтижесінде жүргізушінің қанында қандай да бір алкогольдік, есірткі немесе психотропты заттың жоқтығы анықталды", - деп хабарлады Астана ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Полициядағылар 22 маусымда жол апатынан кейін Мұхитовадан күдікті ретінде жауап алынғанын айтты.

"Оның үстіне, тергеу басталған уақыттан бері қылмыстық істі ІІД басшылығы өз бақылауына алды, біз оқиға орнына бірінші болып жеткен жедел жәржем қызметкерлерінен жауап алдық. Барлық куәгердер жауап алдық, жол апатына себеп болған жағдайларды анықтадық. Оқиға орнына бірінші болып жеткен полицияның барлық қызметкерінен жауап алдық. Бұл дерек жедел басқарма орталығының видеобақылау камерасына түсіп қалған. Осы күні ІІД анықтаушылары жазбаны тәркілеп, қылмыстық іс материалдарына қосты", - деді Астана ІІД басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері қыздың есімін жариялады - Малика Мұхитова, ол 1989 жылғы.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай