04 қыркүйек 2014 | 15:55

Өмірияев ұсталған күні жоғарғы қабаттан 100 мың доллар лақтырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lenta-ua.net ©lenta-ua.net

Астанада Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өмірияевке қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер Өмірияевтің пәтерін тінту кезінде көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан 100 мың доллары бар пакеттің лақтырылғанын айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өмірияевке қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер Өмірияевтің пәтерін тінту кезінде көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан 100 мың доллары бар пакеттің лақтырылғанын айтты.

Сотта қаржы полицейлері - қазіргі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері куәлік етіп, жауап берді. Олар 2013 жылдың 21 желтоқсаны - Мүсілім Өмірияевтің ұсталған күні болған оқиға туралы баяндады.

"Біз Өмірияев мырзаның үйінің маңында жедел-тергеу шараларын жүргіздік. Әріптесіміз екеуіміз көшеде тұрып, үйді бақыладық, әріптесім Асхат Мейрамов жоғарғы қабаттан пакет құлағанын көрді. Біз ол жерді қоршауға алдық. Бірден тергеушіге хабарладық. Кейін оның ақша салынған пакет екені анықталды, менің білуімше, онда 100 мың доллар болды", - деді айрықша маңызды істер жөніндегі аға инспектор Еркін Байтұров.

"21 желтоқсан күні біз шараға бардық, бізге подъезд маңында тұрып, терезеден бақылау тапсырылды. Мен тұрған кезде қараңғы болды. Көз алдыма ақ пакет құлап түсті. Біз пакетке жоламадық. Кейін шығып, тексеру жүргіздік. Онда ақша, долларлар болды", - деді екінші қаржы полицейі Асхат Мейрамов. Куәгерлер пакетті кімнің қай қабаттан лақтырғанын көрмегендерін айтты.

Айта кетейік, бүгін сотта Олег Ермолаев та куәлік еткен болатын. Ол 2013 жылы Мүсілім Өмірияевқа екі рет ақшасы бар пакет беріп жібергенін айтты. "2013 жылдың 21 қарашасында және 21 желтоқсанында екі рет болды, екеуінде де Антимонов Евгений Викторович менен ақшаны Өмірияев Мүсілім Тайырұлына жеткізуді сұрады. Бірінші жағдайда мен әуежайдан жүргізушісі арқылы беріп жібердім. Екінші жағдайда Мүсілім Тайырұлының үйіне келіп бердім. Оның не ақша екенін мен білген жоқпын", - деді сотта Ермолаев.

Тергеудің мәліметінше, Мүсілім Өмірияев өзінің қызмет бабын пайдаланып, аусыл ауруына қарсы вакцинаның сатып алулар байқауында жеңуге жәрдем беру үшін аса ірі көлемде пара алған. Бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғаны 2013 жылдың 22 желтоқсанында белгілі болды. Алғашқы сот отырысында ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети