11 наурыз 2019 15:36

Омыртқасы сынған: Дәрігерлер Астанада пальма құлап кеткен әйелдің жағдайы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

8 наурызда Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пальма құлап кеткен әйелге омыртқасы сынды деген диагноз қойылған. Бұл туралы № 2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Иван Ли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


8 наурызда Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пальма құлап кеткен әйелге омыртқасы сынды деген диагноз қойылған. Бұл туралы № 2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Иван Ли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізге 32 жастағы әйел жеткізілді. Ол келіп түскен кезде кеудесінде, омыртқаның бел-кеуде бөлігінің және сол аяқтың аймағында ауырсыну шағымдары болды", - деді Иван Ли брифингте. 

Оның айтуынша, оған толық тексеру жүргізіліп, дененің барлық бөлігінің рентгенограммасы, омыртқаның компьютерлік томографиясы, иық буынынан бастап тобыққа дейін және аяқтың рентгенограммасы жүргізілген.

"Нәтижесінде он бірінші кеуде омыртқасының күрделі сынуы мен оқпанның компрессиясы және кеуде бөлігінің 5, 6, 7 және 8 омыртқаларының асқынбаған сынуы анықталды. Сонымен қатар, сол жіліншіктің сынғаны анықталды. Осы жарақаттың барлығы орта және ауыр дәрежеге жатады, емделуші төсек режимінде. Шокқа қарсы шаралар өткізілді, жағдайы қанағаттанарлық", - деді Иван Ли.

Қазір, оның айтуынша, әйел отаға дайындалып жатыр, омыртқаға тұрақтандыру жүйесін орнату жоспарланған. Соның нәтижесінде әйелдің тез арада аяққа тұрып кете алатыны айтылады.

"Бұрын мұндай зақымданулардың тактикасы консерватив болды, емделушілер төрт айға дейін төсекте болуға мәжбүр болды. Менің ойымша, ол мүгедек болмайды", - деді дәрігер. 

Дәрігерлер науқасқа омыртқа сынығын тұрақтандыратын және барынша тез өсуге мүмкіндік беретін металл құрылымдарын орнатады. Кейде мұндай конструкциялар өмір бойына қалады.

Еске салайық, Желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде декор пальмасы эскалаторға құлаған видеосы жарияланды. Осының салдарынан сатып алушылардың бірі зардап шекті. Оқиға 8 наурызда шамамен 18:00-де болған. Видеода әйелді пальма басып қалғанын түсірілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети