“Онда балалар болды“. Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Онда балалар болды“. Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр видео кадры

Алматыда полиция жекеменшік үйдің қоршауын өртеген ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция жекеменшік үйдің қоршауын өртеген ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp нөміріне (+7 777 001 44 99) хабарласып, белгісіз ер адам оның үйінің қоршауын қасақана өртеп жібергенін айтты. Оқиға 11 ақпанда сағат 11:30 шамасында Тургут Озал көшесінде болған. Күдікті адам бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Ол Төле би көшесінен үйіме қарай әдейі келген, қолында жанғыш сұйықтық толы канистр болған. Сол кезде онда кішкентай балалар болды", – деді алматылық әйел.

Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция бұл қылмысты тергеп жатқаны айтылды.

"Қасақана өрт қою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау және қылмыстың себебін анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети