Оңтүстік Қазақстан облысында балалар мінген қайық аударылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында балалар мінген қайық аударылып кетті @Ktk.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылар мінген қайық аударылып, екі жасөспірім көз жұмды, тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қайғылы оқиға Сырдария өзенінде болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылар мінген қайық аударылып, екі жасөспірім көз жұмды, тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қайғылы оқиға Сырдария өзенінде болды.

Демалыс күні Абай ауылындағы емхана дәрігерлері табиғатта демалуға аттанады. Олар кешқұрым балаларын моторлы қайықпен серуендетпекші болады. Моторлы қайықта бес бала, мейірбике мен қайықшы болған. Ол балаларды қызықтырамын деп қайықты қатты бұрған, нәтижесінде қайық аударылып кеткен.

Қаза тапқан екі оқушының денесі келесі күні ғана табылды. Қайықтағы болған басқаларының да жағдайы ауыр. Олар қазір дәрігердің қарауында. "Түскен кезде жағдайлары күрт ауыр болатын. Реанимациялық көмек көрсетілді. 5 жасар қыздың жағдайы ауыр. Қазіргі кезде ол аппаратта жатыр", - деді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ғани Мырзабеков.

Қаза тапқан екі оқушының туыстары қайықшыны кінәлап отыр. Олардың айтуынша, қайықшы қайыққа алкогольді ішімдік ішіп мінген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети