Оңтүстік Қазақстанда 17 жастағы қыз "ерекше" жолмен әкесінен ақша бопсалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда 17 жастағы қыз "ерекше" жолмен әкесінен ақша бопсалады © Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен қызды полицейлер тауып алды, ол өзін біреулер ұрлады деп ойдан шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен қызды полицейлер тауып алды, ол өзін біреулер ұрлады деп ойдан шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 желтоқсанда Сарыағаш АІІБ полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, бопсалаушылыққа тап болғанын айтқан. "Зардап шеккен азамат өзінің кәмелет жасқа толмаған қызының (1998 жылғы) азық-түлік алу үшін базарға кетіп, қайта оралмағанын айтты. Бірер уақыттан кейін оның телефонына белгісіз біреуден хабарлама келген, онда қызын босату үшін біреулер ақша талап еткен", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Бұл дерек Сарыағаш АІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер жоғалып кеткен қыздың қайда екенін анықтады. Ол Шымкенттегі Республика даңғылында орналасқан үйлердің бірінде жалдамалы пәтерден табылды. Кейін оны ешкімнің ұрламағаны анықталды.

Қыз өзін біреулер ұрлап әкетті деп ойдан шығарған. "Ол Интернет арқылы танысқан жігітке барып, ақша алу мақсатында оның телефонынан әкесіне хабарлама жолдаған. Кәмелет жасына толмаған қыз еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді, сонымен қатар, осыған дейін үйден қашқан", - деді департаменттегілер.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети