Оңтүстік Қазақстанда қашып кеткен кәсіпкерге іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда қашып кеткен кәсіпкерге іздеу жарияланды

Оңтүстік Қазақстан облысында үй қамауынан қашып кеткен кәсіпкерге іздеу жарияланды. Күдікті ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген күдікпен ұсталған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында үй қамауынан қашып кеткен кәсіпкерге іздеу жарияланды. Күдікті ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген күдікпен ұсталған болатын.

"Ұйымдасқан қылмыстық топты құрды, жалған кәсіпорын ашып, ол арқылы 3,7 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды деген күдікпен ұсталған кәсіпкерге Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты 26 қыркүйекте оны үй қамауына алу туралы шешім шығарған болатын. Дегенмен, 8 қазанға қараған түні ол белгісіз бағытта қашып кетіп, өзінің кеңсесінің есігін бұзып кіру арқылы құжаттарды алып кеткен", - деп хабарлады құқық қорғау органдарының қызметкерлері  "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы сотының мәліметінше, кәсіпкерді биыл шілдеде ОҚО мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұстаған болатын. Тергеу органдарының күдіктіні қамауға алу туралы өтінішіне қарамастан сот оны кепілақы арқылы босатып жіберген.

23 қыркүйекте ОҚО МКД қызметкерлері күдіктіге қатысты "ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны үшін" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғаннан кейін оны қамауға алу туралы қайтадан өтініш білдіреді. Дегенмен судья кәсіпкерді үй қамауына алу туралы шешім шығарады.

Күдікті қашып кеткеннен кейін оны қамауға алу туралы шешім шығарылды. Кәсіпкерге іздеу жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети